«Қазақтелеком» АҚ «Дивизион желі» бірлестігінің Қарағанды жергілікті желілерінің жұмыскерлері арасында онлайн кездесу өтті

Бүгін а.ж. 14 ақпан күні ақпараттық-түсіндіру «Қазақтелеком» АҚ «Дивизион желі» бірлестігінің Қарағанды жергілікті желілерінің техникалық торабы жұмыскерлері арасында Covid-19 қарсы екпесі және қайталап екпе алу туралы онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында спикер «Өзіңізді және жақындарыңызды қауіп-қатерге ұшыратпау үшін екпе алу қажет. Екпе екі кезеңде өтеді, екінші рет 21 күннен кейін алу керек. Егер аллергия болса, онда осы фактіні растайтын анықтама әкелуі керек»-деп атап өтті.
Сондай-ақ, спикер екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің екпе кезіндегі іс-әрекеттері, Covid-19 қарсы екпе, қайталап екпе алу, коронавирусты алдын алу туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу барлығы 64 адам қатысты.