Қазақстандықтар еліміздегі оң өзгерістерге ықпал етеді

Қазақстанда Заңдарды қабылдаудың жаңа рәсімі енгізіледі. Қазақстан Президенті Жолдауында ұсынған осы саяси реформаларды іске асыру үшін Конституцияға өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістер алда өткізілетін республикалық референдумда бүкілхалықтық дауысқа салынады.

Қазақстан Президентінің жаңадан құрылатын Конституциялық Сот төрағасын тағайындауына Сенат депутаттары келісім береді. Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз, Конституциялық Соттың үш судьясынан тағайындайды. Бұл ретте, Конституцияға сәйкес, бір адам қатарынан екі реттен артық Конституциялық Соттың судьясы болып тағайындала алмайды. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Конституциялық Сот судьяларының арасынан Республика Президенті тағайындайды.

Қазақстандықтар республикалық референдумда дауыс беру арқылы елімізде осындай өзгерістердің жүзеге асуына мұрындық бола алады.