Қазақстандық кәсіпкерлер өз өнімдерін БАӘ-ге экспорттай алады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің БАӘ-ге сапары аясында ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарт Gulf TEC Certification – өнімнің парсы шығанағы елдерінің талаптарына сәйкестігін бағалау саласындағы кәсіпорынмен келісімге қол қойды.
Бұл келісім:
— БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Оман жеткізушілерінің тізіліміне қосу рәсімін айтарлықтай жеделдетуге;
— саудадағы техникалық кедергілерді алып тастауға;
— отандық өнім экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, 30-дан астам қазақстандық өндірушілер БАӘ-ге экспортты жүзеге асырады, олардың 9-ы ресми тізілімге енгізілген тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер болып табылады. Өндірушілер бүгінгі күні елден шықпай-ақ Халал сертификатын ала алады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің БАӘ-ге сапары аясында Қазақстан БАӘ халықаралық аккредиттеу орталығынан Халал өнімдерін сертификаттауды жүргізуге «ҚазСтандартты» аккредиттеу туралы ресми құжат алды.