Қазақстанда «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау басталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс жарияланғанын хабарлайды. Құжаттар 5 қыркүйекке дейін «Qazvolunteer.kz» сайтында қабылданады.

Конкурс волонтерлік қозғалысты дамыту мен қолдауға, сондай-ақ әлеуметке және қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды ынталандыруға бағытталған.

Сыйлық адамдарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, білім беру мен мәдениетті дамыту, төтенше жағдайлардың дер кезінде шешімін табу және қоғамдық өмірдің басқа саласында да жүйелі қызмет атқарған волонтерлер қауымдастығының ең белсенді өкілдерін анықтауға арналған.

Сыйлық 15 аталым бойынша тағайындалады:

Үздік волонтерлік ұйым;

Корпоративтік волонтерлік көшбасшы;

Тұрақты даму мақсатының көшбасшылары;

Үздік әлеуметтік көмекші;

Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін;

Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін;

Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін;

Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін;

Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін;

Білімді әйгілеудегі үлесі үшін;

Қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін;

Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін;

Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін;

Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін;

Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларымен және қажетті құжаттар тізімімен «Qazvolunteer.kz» немесе www.adilet.kz (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы №339 және 2022 жылғы 2 қарашадағы №481 бұйрықтары) сайттарынан танысуға болады.

Сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021420

Қатысу ережелері мен құжаттарды тапсыру тәртібі туралы толық ақпаратты +7 (7172) 741286, 740311 байланыс нөмірлері немесе r.krasnoschekov@mki.gov.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі