Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай бойынша
Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай бойынша
Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттану көрсеткіші 11%-ға төмендеді.
Бүгінгі таңда» жасыл» аймақта сегіз өңір бар: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы. Бес өңір – «сары аймақта»: Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары. «Қызыл» аймақта төрт өңір — Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Репродуктивті көрсеткіш — 0,96%-ды құрайды.
Жалпы, Қазақстанда соңғы екі айда аурушаңдық 4,5 есеге, ал өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді.
🔹Қараша айында оптимистік сценарий бойынша айына 1500 жағдай күтілуде.
🔹Реалистік сценарий бойынша — 1650.
🔹Пессимистік сценарий бойынша — 1800.
Желтоқсанда — сәйкесінше бойынша тәулігіне 1100, 1600 және 2350 жағдай .
Қаңтарда — сәйкесінше 650, 1500 және 3000 жағдай.
©Алексей Цой,
ҚР Денсаулық сақтау министрі