Қазақстан Республикасының ІІМ чемпионатына қатысқан жеңімпаздарды құттықтады.

Қазақстан Республикасы IIМ спорт шараларының күнтізбесіне сәйкес,
2023 жылдың 16 мен 19 тамызы аралығында Қарағанды қаласында қоян-қолтық ұрыс бойынша Қазақстан Республикасының ІІМ чемпионаты өткізілді.
Аталған жарысқа Қарағанды қаласы ПБ қызметкерлері де қатысты.
Қатысушылардың ішінде
Қарағанды қаласының ПБ ППП қызмет инспекторы
полиция аға лейтенанты Шондыбай Асыл Мырзақадырұлы Қазақстан Республикасы ІІМ қоян-қолтық ұрыс чемпионатында 1- орын иеленсе,
Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс ПБ тергеушісі полиция лейтенанты Әмзе Аян Дарханқызы қатысып 2 — орын иеленді.
Халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін көзінің қарашығындай қорғап жүрген полиция қызметкерлерінің ерен еңбегін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес шығар.Қазақстан полициясының тарихында елі мен жерінің қауіпсіздігін сақтау жолында көптеген тәртіп сақшылары жан қиярлық ерліктің үлгісін көрсетіп келеді. Тәртіп сақшылары қызметтің қызығы мен қауіптілігін қатар ала жүріп өнерден де спорттанда құр алақан еместігін талай мәрте дәлелдеп отыр.
Чемпион иелерімен басқарма қабырғасында кездесіп, Қарағанды қаласы ПБ бастығы полиция полковнигі Шахназар Салин құттықтап, алдағы уақытта да еліміздің көк туын желбіретіп,қазақ елінің намысын қорғайтындарына сенімі мол екендігін жеткізді.

Қарағанды қаласы

Полиция басқармасы
Гүлназия Құралбек