Аулаларды аралау!
Министр жариялаған 2025 жылғы «Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіпті күзетуде» іске асыру, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту, оның ішінде экстремизм мен терроризм фактілерінің көріністеріне жол бермеу азаматтармен, тығыз сенімгерлік қатынастар орнату мақсатында 2025 жылдың 1 қыркүйек пен 1 қарашасы аралығында өткізіліп жатқан республикалық «Аймақ» профилактикалық шарасы шеңберінде аулаларды аралау жұмыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кеңінен жүргізілуде.
Сондай аула аралау жұмысы 2025 жылдың 8 қазан күні Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы көліктегі полиция басқармасы қызметкерлері Өңіраралық жедел әрекет оңтайлы тобы қызметкерлерімен, Қарағанды магистральдік желісінің өкілдері бірлесіп Қарағанөзек станциясындағы теміржолға жақын тұрғын аулаларын аралау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындармен кездесу өткізді.
Шараның басты мақсаты – тұрғындарға теміржол маңында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауды түсіндіру және жергілікті тұрғындардың теміржолды өту барысында туындайтын қолайсыздықтар мен қауіпсіздік мәселелері бойынша сұрақтарды көтеру.
Кездесу кезінде Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы көліктегі полиция басқармасы қызметкерлері, Қарағанды магистральдік желісінің өкілдері Қарағанөзек станциясында қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымды жайластыру бойынша ұсынымдар ұсынып, тұрғындар тарапынан өтініштер тыңдалды және теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жадынамалары таратылды.
Аталған кездесулер Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен тұрақты түрде жүргізіліп отырылады және халық тарапынан қоғамдық тәртіпті сақтауға, оның ішінде қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылықтарды жасамауға өз септігін тегізеді деп сенеміз.
Қарағанды-Сұрыптау станциясы желілік полиция бөлімінің ақпараттық саясат тобы

