Аула тазалығы

Қарағандыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аула аумақтарын жинау бойынша ауқымды шара өтті. Іс-шара қаланың бірнеше аудандарын қамтыды, акцияны тазалықты сақтау мен экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосқысы келген жүздеген белсенді қала тұрғындары қолдады.

-Барлығы 120-ға жуық қала тұрғыны аула аумақтарын тазалауға шықты. Шараға қатысушылар аула аумақтарын қоқыстардан тазартты, құрғақ бұтақтарды кесіп тастады, балалар алаңдарын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ  жаяу жүргіншілер аймақтары ретке келтірілді, балалар алаңдары мен спорт ғимараттары тазартылды. Акция аясында 1000 қап қоқыс, 10 тоннадан астам қоқыс жиналды, -деп атап қалалық әкімдікте.

Сондай-ақ, аумақтарды тазартуға ПИК бірлестіктері, Марта Мельник басшылығы мен аулалар қатысты. Олардың сөзінше, мұндай акциялар бірлескен күш-жігермен қоршаған ортаны таза әрі әдемі етіп қана қоймай, қала тұрғындары арасында достық атмосфераның қалыптасуына ықпал етеді.

-Акция өте жақсы өткізілді, балалардың ата – аналарына аулалар мен алаңдарды тазалауға қалай көмектескенін көру қуантады, менің ойымша, бұл өскелең ұрпақ үшін тамаша үлгі, — дейді «Тихон и К» ЖШС директоры Сәкен Ысқақов.

Қоршаған ортаны таза ұстау — әр адамзаттың міндеті. Жаһандық экологияға үн қату, оны барынша насихаттау елдің ертеңгі болашағы үшін маңызды істің бірі. Әр адам тазалық пен тәртіпті өз айналасынан, қоршаған ортасынан бастаса елге деген сүйіспеншіліктің айқын белгісі болары анық.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция мұнымен аяқталмайды, алда қар түскенге дейін біраз тазалық шаралары өтіп, ағаштар отырғызылады.

Құралай КӨБЕНОВА, «QH»