«Аула футболы лигасы – 2021» жеңімпаздары марапатталды

«Jas Otan» Жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасының бесінші бағыты тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу деп көрсетілген.

Салауатты өмір салтын ұстану мен өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды белсенді және жүйелі түрде насихаттау, жастардың спортпен шұғылдануына және тұлғалық дамуына жағдай жасау – жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі.

Жастардың бос уақытын қызықты және пайдалы өткізуіне мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуы тиіс. Бұл мәселеге жеткіліксіз көңіл бөлу деструктивті идеялардың таралуына, қылмыстың және басқа да жағымсыз құбылыстардың көбеюіне алып келуі мүмкін.

Осыған байланысты, «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ және «Nur Otan» партиясының «JasOtan» Жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп Қарағандыда шілде – тамыз айлары аралығында барлық тұрғын үй аулаларында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына а р н а л ғ а н 13-20 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында «Аула футболы Лигасы-2021» өткізді.

Турнирге Қарағандының барлық аулаларынан 104 команда қатысып, 600 жас қамтылды.

Жеңімпаздар арнайы кубоктармен, медальдармен және дипломдар — мен, ақшалай сыйақымен марапатталды. С о н ы м е н қатар, ойын барысында «Үздік ойыншы», «Үздік қ о р ғ а у ш ы » , «Үздік шабуылшы» номинациялары анықталды.

Турнир барлық карантиндік шектеулерді ескере отырып, көрермендерсіз, ашық ауада өтті. 2006-2008 жылғы жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар: 3 орын – «Голубые пруды» құрамасы 2 орын – «ФК Волвес» құрамасы 1 орын — «Жастар» құрамасы 2003-2005 жылғы жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар: 3 орын – «МФК Энерго» құрамасы 2 орын – «Жігер 2» құрамасы 1 орын — «Молния» құрамасы 2000-2002 жылғы ж а с ө с п і р і м д е р а р а с ы н д а ғ ы жеңімпаздар: 3 орын – «Жігер 1» құрамасы 2 орын – «Жастар» құрамасы 1 орын – «АН Барбершоп» құрамасы