Аудиттік тексерістен кейін 3 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттарының бірі – ашықтықты іске асыру мақсатында аудиторлық іс-шараларды ұсыну шарттары мен тәртібін сақтау мәселесі, аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері және мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға республикалық бюджеттен несие беру арқылы бюджеттік кредиттерді пайдалану бойынша облыстың 4 экономика және қаржы бөлімінде, оның ішінде «Бұқар жырау ауданының Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Осакаров ауданының Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Нұра ауданының Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Шет ауданының Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүзеге асырылғанын хабарлайды.

Тексерісте 2020-2023 жылдарға арналған бюджет қаражатының жоғарыда аталған мақсаттарға пайдаланылуы қамтылды.

Тексерумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 2 444 135,2 мың теңге, тексеріс қорытындысы бойынша жалпы сомасы 856 517,2 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, бұл аудитпен қамтылған соманың 35 пайызын құрайды.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасынан мемлекеттік бюджетке өтеуге жататын қаржылық бұзушылықтар 69 934,2 мың теңгені құрады.

Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар көтермелеу жәрдемақысын алған жекелеген мамандардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешенде, ауылдық, кенттік әкімдіктерде қызмет жасайтын мемлекеттік қызметшілері де және басқа да салалардағы мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы келісімнің талаптарын бұза отырып көтермелеу жәрдемақысын алған. Келісімнің шарттары бұзылып, белгілі бір мерзімге жұмысқа тұруға келген жекелеген мамандар көтермелеу жәрдемақысын алған, осыған байланысты алған көтерме жәрдемақылары мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатады.

Жоғарыда көрсетілген 69 934,2 мың теңге бұзушылықтардың бүгінгі күні 23 103,9 мың теңгесі бюджет қоржынына өтеліп қайтарылды, процедуралық бұзушылықтар 786 583,0 мың теңгені құрады.

Белгіленген мерзімде жұмыс істемеген бір маманға қатысты 6 айға бөліп 150,3 мың теңге көлемінде жәрдемақыны өтеу кестесі құрылды, 7 маманға қатысты сомаларды мемлекеттік бюджетке қайтару бойынша төленетін жәрдемақы жөнінде сот ісі қозғалды, 2 маман ауылдық жерлердегі жұмысы бойынша қалпына келтірілді, бір социалиспен дау сот ұйғарымымен медиация тәртібімен реттелді, 4 маманға сомаларды қайтару туралы хабарлама жіберілді.

Аудиттің қорытындысымен 3 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.

Сонымен, «Бұқар жырау ауданының Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 225 130,0 мың теңге сомасында бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар көлемін айқындау және нақтылық сияқты бюджет жүйесінің қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етпеген, бюджеттік кредиттер беру үшін әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешеннің жекелеген мамандықтар бойынша мамандарға жыл сайынғы қажеттілігі, әрбір облыста бос жұмыс орындарының болуы, жаңа жұмыс орындарын құру қажеттілігі туралы талдаулар мен ақпараттар жыл сайынғы түзетулермен алдағы үш жылға арналған болжаммен жасалмаған. Алайда жоғарыда аталған заң бұзушылық мемлекеттік бюджет қаражатының жұмсалуына әсер еткен жоқ.

«Осакаров ауданының Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 10.02.2020 ж. №23-22/06-08-16/7 Тапсырма шарты, 01.04.2021 ж. №23-22/06-08-16/7 Тапсырма шарты, 28.03.2022 ж. №22-42-14/7257 Тапсырма шартының талаптарын бұзып, тиісінше «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ белгісі бар төлем құжаттарының түпнұсқасын, олар есепті айдан кейін ай сайын Сенім білдірушіге қабылдау-тапсыру актісі бойынша Сенім білдірушіге берілуге жататын, сондай-ақ Қарыз алушылардың жалпы санын, қаржы жылында берілген несиелер сомасын көрсететін көрсетілген қызмет актілерін аудитке ұсынбаған.

«Нұра ауданының Экономика және қаржы бөлімі» ММ 04.12.2008 ж. №95-IV Бюджет кодексінің талаптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.11.2017 ж. №790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысын бұза отырып 2022 жылғы 018 013 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға арналған бюджеттік кредиттер». Республикалық бюджеттен несиелер есебінен» бюджеттік бағдарламасымен Нұра ауданына келген 11 әлеуметтік сала маманын қамтамасыз етуде тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбеген.

Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы келісімдердің бұзылу салдарынан «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ (Әкімші), алушылар мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арасындағы 2020-2022 жылдар аралығындағы жасалған ауылдық елді мекенінде жұмыс істеу және тұру туралы 13 маман өз міндеттерін орындамаған және денсаулық сақтау, білім беру және спорт ұйымдарында Шартта белгіленгендей кемінде 3 жыл жұмыс істемеген, сол себепті 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға бөлінген бюджеттік несиелер 47 832,0 мың теңге сомасында мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатады.

Аудит нәтижелері бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген ауыл, қала, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын сақтау, жоғарыда аталған санаттағы мамандарды есепке алу бойынша жұмысты ұйымдастыру және елді мекендердің жай-күйін Сенімді агентпен бақылайды.

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті