Атом электр станциясы қауіпсіз
АЭС салу төңірегінде ғалымдар геодезиялық гидрогеологиялық және де техникалық ізденістер жасады. Соның нәтижесінде Атомдық электр станциясын Қазақстанда салу қауіпсіз, дейді мамандар.
Қазақстанда АЭС салу мәселесі қоғам талқысына түскен бұл күнде техникалық сала мамандары да пікір білдіріп, көзқарастарын айтуда. Қандай да бір құрылыс маңызды жобалар мемлекеттік деңгейде қарастырылар алдында ол жобаны орындау мүмкіндігі, пайдасы мен зияны да ғылыми тұрғыдан қарастырылуы шарт. ҚарТУ маркшейдер ісі және геодезия кафедрасының аға оқытушысы, географиялық ғылымдар кандидаты Айсұлу Құсайынова сұқбат барысында гидрология, гиодезия мамандарының зерттеу жұмысы туралы айтты.
– Қазіргі таңда АЭС салу қоғамда өзекті талқылауда жүр, ғалымдар оны зерттеп, осы АЭС салу мақсатында көптеген гиодезиялық, гидрогиологиялық және де техникалық ізденіс жасады. Соның нәтижесінде АЭС Қазақстанда салу қауіпсіз деп табылады, – дейді ҚарТУ аға оқытушысы, географиялық ғылымдар кандидаты Айсұлу Құсайынова.
Географиялық ғылымдар кандидаты дамыған елдермен салыстыратын болсақ, Қытайда, Түркияда, Ресейде және Оңтүстік Корея елдерінде атом электр станциялары көптеп салынып жатыр. АЭС-тың көмір тұтынатын жылу электр станциясынан айырмашылығы бар. АЭС салу экономикалық жағынан экологиялық тұрғысынан тиімді, өйткені, атом электр станциясының санитарлық қорғау аймағы 3 шақырымнан аспайды, деді ғалым.
– Қазіргі таңда қоғамда көптеген қарсы пікір де айтылып жатыр. Оны айтып өту керек, гиодезиялық, геологиялық және техникалық зерттеулердің нәтижесінде АЭС қауіпті авариялардың орын алу мүмкіндігі, небәрі 10 милиион жылда бір-ақ рет деп есептейді ғалымдар, – деп қорытындылады маман.
Сондықтан АЭС-ті орналастыру қауіпсіз деген пікір, пайымдар айтылуда. Жалпы АЭС салу мәселесі тоқ тапшылығына орай назарға алынып жатқаны мәлім. Көпшілік арасында тоқты қазіргі тәсілмен, көмірді тұтынатын орталықтарды жаңғыртып, тұрғызып, тоқты өндірсек деген пікірлер де айтылуда. Алайда ғалым пікірінше, бұл күнде қолданыстағы электр станцияларының 70 пайыздан астамы тозған, оларды жаңартып, жаңа технологиялар қолданғаннан гөрі АЭС салған тиімді. Әрі АЭС жұмысына қажетті шикізат-уран қоры біздің елде жеткілікті деген көзқараста.
Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА, «QH»