Ғасыр жасаған ҰОС ардагері жас сарбаздармен кездесті

Мартбек Мамыраев атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери техникалық мектебінің Қарағанды ​​филиалына Ұлы Отан соғысының ардагері Расказимов Николай Григорьевич арнайы келді.

Әскери қызметке шақырылғандар мен жеке құрамды даярлау үшін қызметте белсенділік танытқандар үшін ғасыр жасаған Ұлы Отан соығысының ардагерімен сұхбат – ерекше мәртебе.

Биылғы жылы Мартбек Мамыраев атындағы әскери-техникалық мектепте он әскери тіркеу мамандықтары бойынша әскери дайындықтан өткен резервті даярлау қызметі айтарлықтай күшейтілді. Сондай-ақ, әскери-техникалық мектептер арасында өткен сайыста топ жарып 14 филиалдың ішінде ең үлкен жетістікке қол жеткізген. Әскери техникалық мектептің тәрбиеленушілеріне 95 жастағы ардагер Николай Расказимов арнайы келді. Ұлы Отан соғысының батырларын назардан тыс қалдырмай, үздіксіз байланыс жұмыстарын жүргізіп келе жатқан әскери мектептің ұландары, аңыз адаммен кездескендеріне ризашылықтарын білдірген.

Бүгінгі таңда Октябрь ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінен қалғандар саны бесеу. Николай Рассказимов те көненің көзі. Ол 1926 жылдың 6-желтоқсанында дүниеге келген. «2-дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Жуков медалі» және тағы басқа медальдармен марапатталған. Жоғарғы Бас қолбасшының алғыс хатына ие болған.

Ұлы Отан соғысы ардагерінің ерліктері жас жігіттерге жиі насихатталады, бұл шаралар еліміздің тарихи мұрасына құрметпен қарауды және ардагерлердің сөзі әскерге шақырылғандарды тәрбиелейді. Қан майданда қаймықпай соғысқан қайсар тұлға жас жауынгерлердің құлшынысын байқап, өсиет-өнегесінде айтуды ұмытпаған.

– Ұрпақтар сабақтастығы әскери өмірде ерекше маңызды деп ойлаймын. Жастардың рухани тәрбиелеу көңілімнен шықты, жас сарбаздардың дайындығы да жақсы. Соғыс жылдарындағы қиын кезеңдерді, тарихи оқиғаларды білу мақсатында жастар өз сұрақтарын қойып, пікірлерінде жасырып қалмады. Мені мерейлі мерейтойыммен құттықтап, ерекше кеш ұйымдастырғандарына алғысым шексіз, – деді кеш қонағы Николай Рассказимов.