Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының көшбасшылар сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді


«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова және Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қатысады.

Модераторы – Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу.