АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЖЫЛҚЫЛАР КӨБЕЙТІЛЕДІ
ҚР Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін көбейту туралы» Заң қабылдады.
Заң Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді. Олар басты мақсат спорттық бағыттағы жылқы тұқымдарын қалпына келтіру және мемлекеттік қолдау көрсету арқылы асыл тұқымды жылқыларды жақсарту екенін атап өтті.
Сондай-ақ «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» және «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңға түзетулер енгізілетін болады. Пленарлық отырыста атап өткендей, заңнамалық түзетулермен отандық жылқы тұқымдарын сақтау және жаңа бағытталған іс-шараларды субсидиялау көзделген. «Қазақ тұлпары» ЖШС маманы Виталий Гофманның сөзінше, бұл – асыл тұқымды орталықтардың шетелдік селекция өнімі саналатын спорттық бағыттағы асыл тұқымды айғырларды сатып алу.
– Қазақстан көлемінде Қостанай тұқымынан 298 мал басы бар. Қазіргі уақытта ДНҚ-ны растаумен айналысып жатырмыз. Біз спорттық шараларға қосылатын жылқыларды да жібердік. Біртіндеп асыл тұқымды көбейтеміз. Қазір селекциялық-асылдандыру жұмысының жоспарын әзірлеп жатырмыз. Бізбен Қостанай ауылшаруашылығы институты жұмыс істейді.
Жанбота БЕЙСЕНБАЙ,«QH»