Астық көлемі мол

Биыл астықтың ауқымы мол. Қарағанды облысында рекордтық көлемде, бұл дегеніміз 1 миллион 300 мың тонна астық жиналды. Күзгі жиын-терім жұмыстары, жергілікті шаруа қожалықтарының жетістіктері туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің диалог алаңында айтылды.

Осы көктемде ауа райы да қолайлы болып, 2024 жылы Қарағанды облысында рекордтық көлемде астық жиналғаны ерекше тарихи қуаныш. Егіннің өнімді болуы жергілікті шаруақожалықтарының қажырлы еңбегі, мемлекеттік қолдаудың тамаша нәтижесі десе болады.

– Аймағымыздың шаруақожалықтары егістік алқаптарынан биыл гектарына 15 центнерден өнім алып, 1 миллион 300 мың тонна астық жинады. Картоп жинауда да табысты болдық, – деді Қарағанды облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин.

Өнім жинауда табысты болудағы негізгі факторларының бірі жергілікті шаруақожалықтарын мемлекеттік қолдау, ауылшаруашылығы техникасын уақтылы дайындау, жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану, агротехнологияларды сақтау және арзандатылған бағадағы жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде жұмыстың жақсы жетістігін көрсетіп отыр, деді басқарма басшысы. Айта кетері осы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша да біздің аймақта ауылшаруашылығының жалпы өнімділігі де 116 пайыздан астамға ұлғайған.

– Астық оруда жоғарғы түсім көрсеткіштеріне облыс бойынша Абай, Бұқар жырау, Нұра және Осакаров аудандарының шаруашылық құрылымдары қол жеткізсе, картоп өнімінің түсімі жоғары көрсеткіші Нұра, Шет және Осакаров аудандары ауылшаруашылық құрылымдары бойынша алға шықты, – деп атап өтті спикер.

Осы егістік маусымында 81 шаруақожалықтарына минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау үшін 2 миллиард 113 миллион теңге сомасында субсидия төленген. Аграрлы сала өкілдерін күзгі, көктемгі егістік науқанында мемлекеттік қолдаудың қажетінше жүргізілуі, өнімділікті ұлғайтып, көрсеткішті артыруға септігін тигізген. Брифингте шаруақожалықтарының өкілдері биылғы жұмыс жағдайын баяндап берді. Осы көктемде ауа райы қолайсыз болды, жауын-шашынды болуынан фермерлер егін саламыз ба деп екі ойлы болған. Бірақ соған қарамастан Қарағанды аграршылары соңғы 10 жылда болмаған өнімділікке қол жеткізді. Әрі біздің облыстың өнімі сапасы тұрғысынан да жоғары дейді.

– Расында да мұндай көрсеткіш он жылдай болмаған. Биыл көп тер төгілді, ауылшаруашылығы министрлігіне алғысым шексіз. Еңбегіміздің жемісін көріп отырмыз. Былтыр жақсы 5-6 пайызбен ақша бөліп, көп фермерлер жаңа техника алып, еңбек етті. Нәтижесін көріп отырмыз. Биыл суармалы жерді көтердік, жауын-шашында жақсы болды, – деді Бұқар жырау ауданы «Дара» ЖШС директоры Еркін Ахметов.

Бүгінде астық өнімін сақтайтын қойма толық. Өнімді сақтауға бар қажеттілік сақталған.

Қанағат ЭДУАРДҚЫЗЫ,                                    

«QH»