«ASHYQ» жайлы ашығын айтсақ…
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қарағанды қаласындағы филиалының өкілдері «Ashyq» бағдарламасы жайлы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.
1.Статусты нысанға кірмей қашықтан тексеруге мүмкіндік қарастырылған ба?
Иә, статусты үйден шықпай-ақ http:// ashyq.kz/ сайтынан қашықтан тексеруге болады. Статусты тексеру үшін қосымшаны жүктеп алу қажет. Осы ретте сайтта орналасқан QR бейтарап болады, яғни код ешқандай бизнес нысанына жатпайды.
2.Қосымшада вакцина алған адамдар қалай анықталады?
Вакцина алған азаматтарға қосымшада «жасыл» статус белгіленеді. Сонымен қатар COVID-19-ке ПТРтестілеуі (72 сағат) теріс шыққан адамдарда «жасыл» статус болады
3.Нысандарға «Ashyq» қосымшасы арқылы ғана кіру азаматтардың еркін қозғалуға қатысты конституциялық құқығын бұзбай ма?
Азаматтардың конституциялық құқығы бұзылмайды, өйткені «Ashyq» жобасын бизнес субъектілері ерікті түрде қосып жатыр. «Ashyq» жобасына қатысушы бизнес иесі келушілер статусын тексеру жауапкершілігін өзіне алады.
Келушілердің статусын тексеру келушілердің өзіне артықшылық береді, өйткені «Ashyq» жобасын іске қосқан нысанға барған адам айтарлықтай қауіпсіздікте болады. Сондай-ақ, вирусты жұқтырған азаматтарды анықтауға мүмкіндік беретін қосымшаның қосымша функциясы арқылы жобаға қатысушы кәсіпкерлер басқа кәсіпкерлік субъектілерімен салыстырғанда жұмыс кестесін ұзарту тұрғысынан жеңілдіктер ала алады
4.«Көк» статус деген не, ПТРтестілеуді мүлде тапсырмаған адамдар қоғамдық орындарға баруға жол ашатын «көк» статустың берілуі қоғам үшін қауіпсіз бе?
«Көк» статус бейтарап белгі, демек мұндай статусы бар адамдар ҚР ДСМ базасында ПТР-тестілеуі оң науқастар қатарында жоқ және науқас адаммен байланыста болмаған. Келуші статусының өзгеруі ҚР ДСМ деректер базасындағы ақпаратқа байланысты.
5.Азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі қалай сақталады (байланыс нөмірлері, ЖСН)?
Қазіргі таңда «Ashyq» жобасы «Электронды үкіметтің» ақпараттықкоммуникациялық инрфақұрылымы операторы болып табылатын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ серверінде қорғалған контурда орналасқан.
6.Қосымшада азаматтардың жүріп-тұруын бақылау мүмкіндігі бар ма?
«Ashyq» мобильді қосымшасы азаматтардың орналасқан жерін бақылауға қатысты функциясы жоқ. Телефон баптауларында әр адам қосымшаның неге рұқсат сұрап жатқанын көре алады.
- Сынақ режимі деген не? Сынақ режимінде жобаға қатысып жатқандарға жеңілдіктер қарастырылған ба? Қатысушылар мен сынақ-қатысушылар арасында қандай айырмашылық бар? Сынақ кезеңінің ұзақтығы қандай?
Бизнес субъектілері QR-кодын алғаннан бастап алғашқы 7 күн сынақ режимінде жұмыс істеуге құқылы, яғни процестерді реттеп, қызметкерлерді оқытады. Сынақ режимінде жұмыс істеп жатқан ұйымдарға «Ashyq» жобасы аясында қарастырлған барлық жеңілдіктер беріледі.
Тестілеу кезеңінде бақылау топтары қатысушыларға қатыссты ескерту жасай алады, бірақ оларды жобадан шығармайды. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін, егер мониторинг тобы жобаға қатысу талаптарының бұзылғанын анықтаса, кәсіпкерлік субъектісі 2 аптаға жобадан шығарылуы мүмкін.
- «Ashyq» жобасын қатысатын және қатыспайтын ШОБ нысандарының жұмыс кестесінде қандай айырмашылық бар?
Қосымшаның індетке шалдыққан адамдарды анықтауға мүмкіндік беретін қосымша функциясы арқылы жобаға қатысушылар басқа бизнес субъектілеріне қарағанда жұмыс кестесі бойынша бірқатар жеңілдікке ие. Мысалға «қызыл» аймақта бильярд, компьютер клубтары, боулинг, караоке, көрмелер жұмысына тыйым салынған. Бірақ, осы салаларда Ashyq жобасымен жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер жекелеген шектеулермен жұмыс істеуге рұқсат алады.
- Шетелдік азаматтарды қалай белгілеуге болады?
Қазіргі кезде бейрезиденттерді нысанда төлқұжат нөмірін қолмен теру арқылы тіркеуге болады. Шетелдіктер ПТР тапсыруында төлқұжат деректері терілетіндіктен Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базасымен салыстыру іске асырылып, келушіге сәйкес статус беріледі.
- Желі немесе қосымшаның өзінде техникалық ақау орын алса не істеу керек?
Интернет, wi-fi-ға байланысты техникалық ақаулар шыққанда бизнес субъетісі жұмыс істеуін тоқтатпайды. Техникалық кедергілер туындаған кезде нысанға «күзетші режимін» қосып, келушінің деректерін қолмен теруге кеңес береміз.
АНЫҚТАМА ҮШІН:
«Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.
«Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.
«Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.
«Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат. «Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.
Дайындаған Аружан АЛПЫСБАЙ.