Ashyq мәртебесін беру алгоритмі өзгерді

Ashyq бағдарламасында мәртебе берудің жаңа алгоритмі пайда болды. Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин 2022 жылғы 14 қаңтарда қолданыстағы қаулыға толықтыру енгізді.

Өзгерістер туралы Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулысында қосымша айтылды.

  • COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар базада тіркелген адамдарда, «жұқтырылған» мәртебесі бар пациенттерде «қызыл» мәртебесі COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін сақталады. 10 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуға қарамастан, 3 ай бойы сақталатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады;
  • COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар (COVID-19- ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған сәттен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) жұқтырған адамдарда «қызыл» мәртебе оң нәтиже алған сәттен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады;
  • «сары» мәртебесі бар адамдар (немесе жақын байланыста болған адамдар) COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң «көкке» ауыстырылады;
  • COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар (байланыс күнінен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) байланыста болған адамдарда «сары» мәртебесі COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады;
  • байланыста болған адамдарда COVID-19 белгілері болмаған кезде және ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болған кезде, сондай- -ақ соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдарда «жасыл» мәртебе сақталады.

Алғашқы оң тестілеуді алған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін COVID-19-ға ПТРтестілеудің оң нәтижесін алған жағдайда «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің алғашқы оң нәтижесін алған күннен бастап 10 күн ішінде сақталады.

Сондай-ақ қолданыстағы қаулыға білім саласына қатысты да өзгерістер енгізілді. Соның ішінде оқытудың келесі форматтары анықталды:

  • ата-аналардың өтініштері бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымдарында штаттық форматта тәрбиелеу және оқыту;
  • жалпы білім беретін мектептерде штаттық форматта оқыту;
  • бастауыш 1–4 сыныптар (халықаралық мектептердегі 1–6 сыныптар);
  • саны 600 оқушыға дейін;
  • мектеп жобалық қуатының 50%-ынан аспайтын жүктемесі бар 600-ден астам оқушы;
  • ЖОО мен колледждерде аралас форматта оқыту: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде болса, дәрістер онлайн форматта;
  • мектептен тыс ұйымдарда штаттық форматта оқыту;
  • «Ashyq» жобасына қатыспайтын балалар кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын топты толтырған кезде жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, өзгерістерге сәйкес, 6 мың шаршы метрге дейінгі сауда, азық-түлік нысандарына Ashyq бағдарламасына қатыспай жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.

Аружан АЛПЫСБАЙ,

«QH»