Ашық есік күні ұйымдастырылды

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында Қарағанды қаласының Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан аудандарының прокуратуралары Ашық есік күнін ұйымдастырды. Кәсіпкерлер өздерін қызықтырған мәселелер бойынша көмек сұрап немесе кеңес алу үшін өздеріне ыңғайлы уақытта жүгіне алды. Мұндай Ашық есік күнінің негізгі мақсаты — бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Енді кәсіпкерлерде өз мәселелерін жедел және тиімді шешудің қосымша мүмкіндігі пайда болды.

Кеңес берудің алғашқы сағатында ғана мамандарға 20- дан астам кәсіпкер жүгінді. Жоба бастамашылары Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ Қарағанды әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі, облыс прокуратурасы болды.

Қазыбек би атындағы аудан прокурорының орынбасары Сейдахмет Уткуров атап өткендей, негізінен, кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту мәселесі бойынша өтініш білдіреді.

— Мысалы, кәсіпкерлерде шағын дүкендер бар. Полиция қызметкерлері келіп, түнгі уақытта темекі өнімдерін немесе ішімдік сату талабын бұзғаны үшін ресімдейді. Даулы сипаттағы бұзушылықтар болған процедуралық сәттер бар. Яғни сатып алушының айғақтарын қоспағанда, сатуды растайтын фактілер болған жоқ. Сонымен қатар басқа дәлелдер жоқ, — дейді Сейдахмет Уткуров. — Біз қараған істердің жартысы кәсіпкерлердің пайдасына шешілді. Күші жойылған хаттамалар бойынша адамдар жауапқа тартылды

— Сонымен қатар өңірде кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерінің жолын кесу бойынша бірлескен мобильді топ жұмыс істейді, — деп толықтырды Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Алхайдар Асқаров. Бұл топ өткен жылдан бері жұмыс істеп келеді және ондаған кәсіпкер прокуратураға да, Кәсіпкерлер палатасына да жүгінді.

…Жеке-жеке көптеген мәселе шешілді. Бизнесті қолдау бойынша Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес үлкен жұмыс жүргізуде. Жыл сайын бизнес үшін сақталған мүлік сомасы екі есе артады. 2021 жылы Қарағанды облысының ӨКП бизнесті қорғау желісі бойынша 215 өтініш түсті, — деді Алхайдар Асқаров. — Олардың 107-сі оң шешім тапты. Бұл — жалпы санның шамамен 49%- ы, ал қорғалған құқық сомасы 5 миллиард теңгеден асты. 2021 жылы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырыстарында 41 мәселе қаралды, оның ішінде 26-сы құқық қорғау саласы бойынша.

Қазыбек би атындағы аудандық прокуратурада Ашық есік күні апта сайын өтеді деп жоспарлануда. Мамандар кәсіпкерлерде сұрақ туындаған жағдайда аудан прокуратурасына немесе 8-777-055-88-84 сенім телефоны бойынша хабарласуды сұрайды.

Дәл осындай кәсіпкерлермен кездесуді Ә.Бөкейхан ауданының прокуратурасы және Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы «Ұмай» сауда үйінде ұйымдастырды. Кәсіпкерлерден басқа мұнда Қарағанды қаласының Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің, аудан әкімдігінің, Мемлекеттік кірістер басқармасының және ауданның Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері келді.

Ә.Бөкейхан ауданы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы Бауыржан Тоқубаевтың айтуынша, негізінен, кәсіпкерлер салық есептілігін, карантиндік шаралар мен шектеулерді тапсыру мәселелері бойынша кеңес алуға жүгінеді. Сонымен қатар оларды қосымша бөлімдер ашу, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алу мәселелері қызықтырады.

— Аудан прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильді топтар тұрақты түрде жұмыс істейді. Басты мақсат — кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ олардың заңды қызметіне кедергі келтіруге жол бермеу. Жыл басынан бері аудан прокуратурасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа 9 адам жүгінді, — деді Бауыржан Тоқубаев.

Кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттерімен келіспеу жөнінде де өтініш білдіреді. Аудан прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Тоғжан Валиева:

— Талдау нәтижелері бойынша аудан прокуратурасы жергілікті атқарушы органдарға бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар берді. Қадағалау шаралары бойынша барлығы 19 кәсіпкерлік субъектінің құқықтары қорғалды.

Осыған байланысты кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласу фактілері бойынша аудандық прокуратураға жүгінуді сұраймыз, — дейді.

Прокуратурада сенім телефондары жұмыс істейді: 8(7212) 79-14-07 (ішкі 236), +7 707 989 28 59.

Аружан АЛПЫСБАЙ, «QH»