АШМ: 2022 жылдың басынан бастап мемлекетке пайдаланылмаған және ауыл шаруашылығы жерлерін бұза отырып берілген 6,1 млн га жер қайтарылды

Биыл 695,8 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен әкімдіктерге 2023 жылдың соңына дейін пайдаланылмаған және ауыл шаруашылығы жерлерін бұза отырып берілген жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауды тапсырған болатын.


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылары 2,3 млн алаңда өз учаскелерін игеруге кірісті, оның ішінде 2023 жылы – 270 мың га.
Республика бойынша жер пайдаланушыларға қатысты 4,5 млн га алаңда 1907 жоспардан тыс тексеру тіркелді, тексеру нәтижелері бойынша 2,8 млн га алаңда жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1254 нұсқама енгізілді, 201,8 мың га алаң бойынша 136 материал соттарда қаралып жатыр.