Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Ready4Trade – Орталық Азия» жобасы аясында ұлттық ақпараттық сауда порталын іске қосу жөніндегі ресми іс-шарада құттықтау сөз сөйледі

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Ready4Trade – Орталық Азия» жобасы аясында халықаралық сауда орталығы ұйымдастырған Қазақстанның сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі ұлттық ақпараттық сауда порталын іске қосу жөніндегі ресми іс-шарада құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде Е. Жамаубаев екі жыл ішінде халықаралық сауда орталығының, Ұлттық консультанттардың және мемлекеттік органдардың өкілдерімен жемісті командалық жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Платформа сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade»ақ үйлестіруімен әзірленді.

Порталды іске қосу арқылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар импортқа, экспортқа және транзитке байланысты ережелер мен рәсімдерге тікелей қол жеткізе алады.

Сондай-ақ, сауда порталы отандық бизнестен кері байланыс алу құралына айналады және бизнес қауымдастықтармен және уәкілетті органдармен белсенді түрде ілгерілейтін болады, деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.

Бұл, өз кезегінде, болашақта кедендік инфрақұрылымды жаңғырту, трансшекаралық операцияларды оңтайландыру, сауда формальдылықтарын оңайлату, үйлестіру және автоматтандыру бойынша кешенді реформалар жүргізу үшін негіз болады.

Жалпы, сауда порталы Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінде тұрақты және жан-жақты экономикалық дамуға үлес қосатын болады.