«Ардағым – Ардагерім»: жастар зейнеткерге қар тазалауға көмектесті

6 қаңтар күні «Ардағым – Ардагерім» кең ауқымды акциясы аясында Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының қалалық штаб еріктілері Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесімен және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖК Қарағанды облыстық филиалымен бірге зейнеткер Махмұтова Сония Гаязқызына сапармен барды. Акция барысында аула аумағынан қар шығаруға көмек көрсетілді.