Қарағандылық Владислав Киреев Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Қарағандылық Владислав Киреев Қытайдың Харбин қаласында өткен Азия ойындарында биатлоннан чемпион атанды.
Спортшыны жаттықтыратын – Раис Хайрутдинов.
Қазақстанның ерлер биатлон құрамасы 10 км қашықтыққа спринт жарысында екі медаль жеңіп алды. Күміс медаль Вадим Куралеске бұйырды, ол осы маусымда алғаш рет ұлттық құраманың негізгі мүшесі ретінде жарысқа шықты.
Үшінші орынды Қытайдан келген Гу Цан жеңіп алды.
Қазақстандық Асет Дүйсенов пен Александр Мухин алтыншы және жетінші орындарды иеленді.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты негізінде
Фото: Нұрғали Жұмағазы