Қарағандылықтарды шағын ауылшаруашылық жәрмеңкелерге шақырады

Қарағанды тұрғындары үшін 6 сәуірде қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін қаланың үш нүктесінде сатып алуға болады.

Жәрмеңкелер Оңтүстік-Шығыста, Майқұдық пен Пришахтинскіде өтеді:

– «Global City» СОО фермерлік орталығы (134-есептік орам, 921);

– «Ұмай» СҮ (Карл Маркс көшесі, 9);

– «Жастар» МҮ (Металлистер көшесі, 24/2).

Жәрмеңкелерде сатылатын өнімдер (ауылшаруашылық өнімдері, ет-сүт және жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері) орташа нарықтық бағадан арзанға сатылатын болады.

Жәрмеңкелердің басталуы сағат 09:00-де.