Қарағандылықтарды Ашық есік күніне шақырады

Қарағанды қаласындағы «Qamqor Plus» мүгедектер ҚБ «Ten Qogam» мүгедектерді әлеуметтік бейімдеу орталығында 26 сәуір күні Ашық есік күнін өткізеді. Қарағандылықтарға сұрақтарын мемлекеттік органдардың өкілдеріне қоюға болады.

Іс-шараға келесі мекемелердің өкілдері қатысады:

– Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;

– Денсаулық сақтау басқармасы;

– Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті;

– Қарағанды қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;

– Қарағанды қаласының Тұрғын үй қатынастары бөлімі;

– Қарағанды қаласының Еңбек ұтқырлығы орталығы.

Басталатын уақыты: 15.00.

«Ten Qogam» мекенжайы: Тәттімбет көшесі, 709, 5-кеңсе.

Байланыс телефондары: +7-777-540-44-94, (8-7212) 36-14-74.

«Qamqor Plus» мүгедектер ҚБ ақпараты негізінде