Қарағандылықтар гандболдан Ұлттық мектеп лигасында жеңіске жетті
Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында өткен гандболдан Ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңінде қарағандылық оқушылар бірінші орынды иеленді. Жарысқа 12 команда қатысты.
Қарағанды облысының атынан дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Татьяна Кошкина мен Руслан Девяткиннің жетекшілігімен №32 ЖББМ құрама командасы қатысты.
– Біздің команда үш сегізінші және алты жетінші сынып оқушыларынан құралған. Барлық бала Пришахтинск БЖСМ-де айналысады. Оларды спорт мектебінде Надежда Сударикова жаттықтырады. Матчтар өте қиын және ауыр болды, әсіресе Павлодар және Жамбыл облыстарының командаларымен. Бірақ біздің балалар бірде-бір матчта ұтылмай, шеберлік пен ерік-жігердің арқасында жеңіске жетті. Команда ел чемпионы атанды, – дейді Татьяна Кошкина.
Құралай КӨБЕНОВА, «QH»