Қарағандылық әскери қызметші қала әкімінің премиясымен марапатталды…

15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Аманат» партиясының ғимаратында Қарағанды қаласы әкімінің «NUR QADAM 2022» премиясының қорытындысы жарияланды.

Іс-шараға қатысушылар өз резюмелерін биылғы жылдың желтоқсан айынан түрлі ұйымдардан тапсырған болатын.

Комиссия конкурсқа қатысқан лауреаттарды іріктеуде келесі критерийлерінде басшылыққа алды:
1) «Жас қызметкер» — кәсіпорынның дамуына үлес қосқан өнеркәсіп саласының қызметкері (слесарь, машинист, токарь, білікші, шахтер, металлург және т. б.), кәсіби конкурстардың жеңімпаздары мен қатысушылары (наградалар мен көтермелеулердің болуы), өздерінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыратын, өңірдің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын;
2) «Отан қорғаушы» — кәсіпқойлығы, патриотизмі, елдің қауіпсіздігін сақтау қаласының мемлекеттік саясатын жүргізуге белсенді қатысқаны, жастарды патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысы, нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы құтқарылған жеке жетістіктері, қайғылы салдарлардың алдын алу, қылмыс жасауға жол бермеу жөнінде іс-қимылдар жасалған әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері және т.б.;
3) «Жас педагог» — білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктері, оқушылар мен студенттерді оқыту мен тәрбиелеу нәтижелері, білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі. Ашық сабақтар, тәрбие сағаттары мен іс-шаралар кезіндегі педагогикалық шеберлік. Саладағы жетістіктер, БАҚ-та жарияланған мақалалар мен ғылыми жұмыстар (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық педагогтары болып табылатын қызметкерлер);
4) «Жас медицина қызметкері» -кәсіби жетістіктер, медициналық қызметте инновациялық компоненттің болуы, емдеу практикасына жаңа технологияларды енгізу немесе қолдану, ғылыми жұмыстар мен жарияланымдардың болуы, белсенді азаматтық ұстаным, қоғамдық-пайдалы қызмет. (Мақалалар, марапаттар, орта және жоғары медициналық білімі бар жас медицина қызметкерлері);
5) «Жас волонтер» — белсенді волонтерлер, әлеуметтік және қоғамдық міндеттерді шешуге, ерікті қызметке үлес қосқан және қалада қайырымдылық іс-шаралармен айналысатын, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (волонтерлік қызметі үшін наградалар мен грамоталар)көмектесетін жас азаматтар;
6) «Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін» — мемлекеттік тілді дамытуға және ілгерілетуге үлкен үлес қосқан, білім беру курстарын ұйымдастырған, жұртшылық арасында мемлекеттік тілді ілгерілететін, қазақ тілін еркін меңгерген 14 пен 29 жас аралығындағы адамдар қатысуға құқылы;
7) «Жас спортшы» — Қазақстан Республикасының ауқымында және халықаралық ареналарда қарағандылық спортшылардың имиджін ілгерілетуші.

Қорытындылай келе, өзгеден алға ұмтылып, өз ісінің маманы және ісін жаңғырту жолында жыл басынан аянбай еңбек етіп, елеулі дәрежеге жеткізіп, «Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациянын жеңімпазы болып Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі кіші сержант Горизанов Владислав Владимирович атанды. Әскери қызметші әкім грамотасымен марапатталып, 300 000 теңгелік сертификатқа ие болды.

Айта кетерлік, Владислав Горизанов атаулы конкурса жыл сайын қатысып тұрады. Әскери қызметші тек әскери саладағы конкурстар қатысушысы ғана емес, қоғамның жастары арасында да қалалық, облыстық , мемлекеттік іс-шаралардың лауреаты сияқты да қоғамға танымал.

ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.