Қарағандыдан Түркістанға – 2 сағатта
QAZAQ AIR авиакомпаниясы субсидияланатын Қарағанды – Түркістан рейстерін орындауды жалғастыруда. Қазақстанның тарихи орталығына енді 1 сағат 50 минутта жетуге болады.
Қарағанды – Түркістан бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және сәрсенбі күндері орындалады.
Кесте:
дүйсенбі күндері:
IQ 441 Түркістан (09:50) – Қарағанды (11:40);
IQ 442 Қарағанды (12:20) – Түркістан (14:00);
сәрсенбі сайын:
IQ 441 Түркістан (12:10) – Қарағанды (14:00);
IQ 442 Қарағанды (14:40) – Түркістан (16:40).
Субсидияланатын авиарейстердің құны бір жаққа 20 мың теңгені құрайды.