Қарағандыдағы Senim109 бірыңғай үйлестіру орталығы XVIII Халықаралық CCGuru Awards «Хрустальная Гарнитура» номинациялау бағдарламасында екінші орынды жеңіп алды

Қарағандыдағы Senim109 бірыңғай үйлестіру орталығы XVIII Халықаралық CCGuru Awards «Хрустальная Гарнитура» номинациялау бағдарламасында екінші орынды жеңіп алды. Бұл марапат еуразиялық кеңістіктегі ең озық байланыс орталықтарына беріледі.

Байқауға ТМД-ның алты елінен 120-дан астам байланыс орталықтарының атынан 380-нен астам үміткер қатысты. Лауреаттар 43 номинация бойынша анықталды. Қарағандылық Орталық «үздік байланыс орталығы» номинациясында финалға шықты.

Нәтижесінде «Үздік байланыс орталығы» номинациясында Саха Республикасының (Якутия) көпфункционалды орталығы жеңіске жетті. Екінші біздің Senim109 орталығы болды. Үшінші орынды Нұр-сұлтан қаласындағы байланыс орталығы иеленді.

«Хрустальная Гарнитура» — байланыс – орталықтары және клиенттермен қашықтықтан өзара байланыс орнату индустриясындағы ең беделді, кеңінен танымал кәсіби марапат болып саналады.

☎️ @senim109.kz жеңіспен құттықтаймыз!