Қарағандыда есірткі жарнамасы бар граффитилар боялды

Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы Қарағанды қаласының Полиция басқармасымен бірлесіп, қала көшелеріндегі жеке үй-жайлардың қабырғаларындағы синтетикалық есірткінің жарнамалық жазуларын жою бойынша жаппай рейд өткізді.


Аталған рейд есірткі заттарының таралуымен күресу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып, оған полиция өкілдері, ЖРО жанындағы «Kind QJ» волонтерлері, Қарағанды қаласының колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттері мен белсенді қала жастары қатысты.
2024 жылы Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы Полиция басқармасымен, волонтерлермен, белгілі спортшылар және блогерлермен бірлесе отырып, қала көшелеріндегі жеке үй-жайлардың қабырғаларындағы синтетикалық есірткінің жарнамалық жазуларын жою бойынша 257 рейд өткізіп, 7000-нан астам жазуды бояды.