Қарағандыда дауыс берушілердің белсенділігі жоғары
Қала тұрғындары таң атқаннан өз таңдауларын жасауда. Солардың бірі, Қарағанды қаласының тұрғыны, ардагер, тыл еңбеккері Петряков Михаил Сергеевич №23 сайлау учаскесінде дауыс берді.
“Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміз көп нәрсеге қол жеткізгеніне және болашақта одан да жоғары болатынына сенімдімін. Болашақ үшін мен бүгінгі сайлауға келіп, өз таңдауымды жасадым”, – деп атап өтті ардагер