«Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ оқытушылары мен студенттері арасында онлайн кездесу өтті

А.ж 7 ақпанында «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ оқытушылары мен студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру тобы коронавирусқа қарсы екпені түсіндіру бойынша кездесу өткізді. «Екпе ауру қаупін азайтып, қалырты өмірге оралуға септігін тигізеді», — деп атап өтті ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері. Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Барлығы 70 адам қатысты.