Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжінде колледж қызметкерлеріне арналған онлайн-кездесу өтті

А.ж. 13 қаңтарда Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжінде колледж қызметкерлеріне арналған Қарағанды қаласының №1 көпбейінді қалалық ауруханасының эпидемиолог дәрігері Сабиден Гүлім Сәкенқызының қатысуымен «COVID 19-қа қарсы екпе және қайталап екпе алу » тақырыбында онлайн-кездесу өткізілді. Онлайн-кездесуде Гүлім Сәкенқызы екпенің артықшылықтары мен ережелері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті, сонымен қатар қызметкерлер қайталап екпе алу туралы көптеген сұрақтарына жауаптар алды.