Қарағанды орыс драма театры премьераға шақырады

27 және 28 сәуір күндері К.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры «7» атты деректі қойылымның премьерасына шақырады. Қойылым 17.00-де басталады.

«7» – нақты оқиғаларға негізделген спектакль-эксперимент. Авторлары – Ирина Васьковская мен София Капилевич. Режиссері – София Капилевич.

Спектакльде түрлі елдің нәзік жандылары жасаған 7 резонанстық қылмыс баяндалады. Қойылым барысында көрермен кейіпкерлер әрекеттерінің қайсысы дұрыс не бұрыс екенін шешуі керек.

– Біздің шығармашылық зерттеуіміздің басты мақсаты – адамды қылмысқа не итермелейді және оның түпкі себебін іздеу. Әрбір жағдай – талқылауға жататын өзекті мәселелердің тұтас тізбегі. Спектакльде ауыр эмоция тудыратын қайғылы және қатыгез оқиғалар суреттелген. Егер бұл сіз үшін қолайсыз жайт болса, репертуарымыздан басқа спектакль таңдауды ұсынамыз. Спектакль авторлары кейіпкерлердің әрекеттерін қолдамайды және қылмыс жасаудан аулақ болу қажеттігін ескертеді, тек шындықты сол күйінде баяндап, көрерменге пайымдауға негіз береді, – дейді театрдағылар.

К.С.Станиславский атындағы орыс драма театры Н.Назарбаев даңғылы, 19/1 мекенжайында орналасқан.

Билеттерді театр кассасынан немесе kassy.kz сайтынан алуға болады.

Анықтама телефондары: 30-12-04, 30-12-82.