Қарағанды облысының мешіттері балаларды мектепке дайындауға көмектесті
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық мешіттерінде «Мектепке жол-2024» қайырымдылық шарасы өткен еді. Қарағанды облысының барлық мешіттерінде «Мектепке жол – 2024» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Осы жақсы дәстүрдің арқасында 1228 балаға мектеп керек-жарақтары сыйға тартылды.
Осылайша, дін өкілдері оқу жылының басталуына дайындалу аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмектесті.
Қайырымдылық іс-шара «Әнет баба» мешітінде өтті, оқушыларға өңірдің бас имамы Естай Айтуғанұлы және Қарағанды облысындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Асылхан Түсіпбеков сыйлықтар табыс етті.