Қарағанды облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарына қабылдау жүріп жатыр

Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында «Жасыл ел – 2024» жастар еңбек жасағына қабылдау басталды. Оған аймақтың 14 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) тұрғындары қатысады. Құжаттар 8 мамырға дейін қабылданады.

Жауынгерлер елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді, түрлі тақырыптық іс-шаралар мен экологиялық акцияларға қатысады. Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасағына 4 800 адам кіреді деп күтілуде.

Қалалар мен аудандардың жастар ресурстық орталықтарына келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:

– өтініш берушінің жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі (егер өтініш беруші 16 жасқа толмаған болса);

– ата-аналардың немесе заңды қамқоршылардың жастардың еңбек жасақтарына жұмысқа орналасуға жазбаша рұқсаты (егер өтініш беруші 18 жасқа толмаған болса);

– қатысушының жеке банктік шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;

– халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын мәртебесін растайтын құжат (бар болса).

Жастар ресурстық орталықтарының мекенжайлары:

  1. Абай ауданының Абай қаласында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы к-сі, 34;
  2. Ақтоғай ауылында Ә.Бөкейхан көшесі, 10 б;
  3. Балқашта Абай көшесі, 32;
  4. Бұқар жырау ауылында Абылай хан көшесі, 41 а;
  5. Қарағандыда Әлиханов көшесі, 4, 135-каб.;
  6. Қарқаралы ауданында В.Рей көшесі, 50;
  7. Нұра ауданында Қонаев к-сі, 29;
  8. Осакаров ауданында Жамбыл көшесі, 1а;
  9. Приозерскіде Достық көшесі, 23;
  10. Саранда Жамбыл көшесі, 61/1;
  11. Теміртауда Құрылысшылар даңғылы, 47;
  12. Шахтинскіде Қазақстан көшесі, 101;
  13. Шет ауданында С.Сейфуллин көшесі, 76а.