Қарағанды облысында сегіз блок-бекет орнатылды

Қарағанды облысында ТЖ режимі енгізілуіне байланысты және тәртіп сақтау мақсатында сегіз блок-бекет орнатылды.

Олар келесі бағыттар бойынша автожолдарда орналасқан:

– Алматы – Екатеринбург;

– Қарағанды – Аягөз;

– Саран шоссесі – ДСК;

– Шахтинск шоссесі  – Осевой к-сі;

– Қарағанды – Екатеринбург (996 км).

Сондай-ақ Сұрыптау – Павлодар қиылысы мен Доскейге кіреберісте.

Жол қозғалысына шектеу қойылған жоқ.