Қарағанды облысында оқушысы 300-ден аспайтын мектептер дәстүрлі форматта оқытады
Қарағанды облысында оқушылар саны 300-ден аспайтын қалалық және ауылдық мектептер дәстүрлі білім беру форматына ауысады. Бұл ретте, әр сыныпта 25 оқушыдан аспауы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысының күшіне енуіне байланысты Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 2-Қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды, атап айтқанда:
— 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанынан бастап оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту қайта басталады; — білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту жүргізіледі;
— тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлерде оқыту сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын барлық сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта жүргізіледі;
— жоғары қауіпті аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде оқыту мектепалды сыныптардың оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныптарды қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныптарды қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын аралас форматта жүргізіледі;
— бітіруші сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқыту: пәндердің 70% – ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1-сынып-1-кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитария-дезинфекция және маска режимдерін сақтау) жүргізіледі.
Құжат қол қойылған кезінен бастап күшіне енеді.