Қарағанды облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді
Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібіне сәйкес бірқатар профилактикалық сұрақтар қарастырылды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жағдайы, мемлекеттік қызметтік автокөлікті мақсатқа сай пайдалануына жүргізілген талдаудың қорытындысы. Шет ауданы әкімінің және Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы баяндамалары тыңдалды. Отырысқа өзге мемлекеттік органдардың өкілдері онлайн форматта қатысып, туындаған мәселелерге жауап берді. Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет тәртібін нығайтуға бағытталған бірқатар профилактикалық ұсыным берілді.
Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметінің ақпараты негізінде