Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 2661 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 344, облыс «жасыл» аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 155 904 жағдай тіркелді.

Ағымдағы жылдың 3 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 75,3%-ды құрайды, яғни 675 904 адам егілді, бұл жалпы халық санының 47,3%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 70,6% немесе 633 744 адам егілді, бұл жалпы халық санының 44,4%-ы.

2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 253 140 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 53,3%-ы.

2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 3 тамыздағы мәліметтер бойынша 23 869 адам егілді.

Індеттің алдын алудың ең тиімді жолы вакцинация екендігін атап өту керек. Дер кезінде алынған вакцина – дерттің таралып кетпеуіне бірден-бір себеп. Алайда, белгілі бір уақыт өткеннен кейін екпенің күші әлсірей бастайды, сондықтан уақтылы қайта екпе алу маңызды.
Вакцинациялау егуді жүргізуге алдын ала ақпараттандырылған жазбаша келісіммен, ерікті түрде және ТЕГІН жүргізіледі.
Екпе алып, індеттен аман қалу мүмкіндігі әр адамда бар. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғау үшін вакцинация алу қажет!