Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қарағанды облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «сары» аймақта орналасқан. Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланады. Ағымдағы жылдың 22 қарашасындағы жағдай бойынша облыста коронавирустық инфекцияның 106 199 жағдайы тіркелді, өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 109 жаңа жағдайы тіркелді. Облыс бойынша репродуктивті сан бірліктен аспайды және 0,974 құрайды.
Эпидемиологиялық мониторингке сәйкес аурушаңдық өткен аптамен алдыңғы аптаны салыстырғанда 4% — ға төмендеді.
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші – 7453,4 құрады, оның ішінде симптомдары бар науқастар – 80,1%, симптомсыз вирус тасымалдаушылар – 19,9%.
Сырқаттанушылықтың орташа облыстық көрсеткішінен жоғары көрсеткіштер Қарағанды, Теміртау қалаларында және Абай ауданында байқалады.
Өңірде 22 қарашадағы жағдай бойынша бірінші компонентпен – 577 930 (64,4%), екінші компонентпен – 528 484 адам (58,9%) егілді.
Облыста 22 қарашаға сәйкес «Комирнати» (Pfizer/BioNTech компаниясымен өндрілген) вакцинамен 969 адам егілді.
Вакцинация жасаңыз және аурудың тізбегін бұзуға өз үлесіңізді қосыңыз!