Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай

2021 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша Қарағанды облысында барлығы коронавирустық инфекцияның 92 290 жағдайы, өткен тәулікте 581 жаңа жағдайы тіркелді.


100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 6477,1 құрады, оның ішінде симптомдары бар науқастар – 78,7%, симптомсыз вирус тасымалдаушылар – 21,3%.
«Ashyq» қосымшасының деректері бойынша ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін Қарағанды облысында адамдар көп жиналатын жерлерге екі аптаға оқшаулауға жататын 6351 келуші, оның ішінде «қызыл» мәртебесі бар — 5457, «сары» мәртебесі бар – 894 адамның барғандығы анықталған.
Осы бұзушылықтар бойынша ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 4 769 295 теңге көлемінде 106 әкімшілік хаттама толтырылды.
2021 жылғы 10 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қарағанды облысында I компонентпен 497 557, II компонентпен 419 117 адам вакцина салдырды.
Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, облыстың әр тұрғыны вакцинация туралы саналы шешім қабылдауы керек – тек дұрыс таңдау жасау арқылы Сіз өзіңізді, жақындарыңызды қорғап, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға үлес қоса аласыз.