Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай
2021 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша Қарағанды облысында барлығы коронавирустық инфекцияның 83 568 жағдайы, өткен тәулікте 821 жаңа жағдайы тіркелді.
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 5865,0 құрады, оның ішінде симптомдары бар науқастар – 77,5%, симптомсыз вирус тасымалдаушылар – 22,5%.
2021 жылғы 1 қаңтардан 25 тамызға дейін үйлестіру орталықтарынан Департаменттің аумақтық басқармаларына 582 шұғыл хабарлама жіберілді, олардың негізінде 565 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес анықталған карантин режимін бұзу бойынша жалпы сомасы 58733785 құрайтын 527 айыппұл салынды.
Карантин режимін бұзу фактілері бойынша 912 айыппұл салынды, бизнес объектілерінде анықталған құқық бұзушылықтар фактілері бойынша жалпы 88138655 млн. теңге сомасын құрады, оның ішінде:
жұмыс режимін бұзғаны үшін – 102;
маска режимін сақтамағаны үшін — 624;
отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерей той) өткізгені үшін – 90;
дез режимді сақтамағаны үшін (антисептик, дезкілемше және т. б. болмауы) — 10;
адам саны лимитін санын сақтамағаны үшін — 11;
БМСД қаулыларының талаптарын бұзушылықтар үшін – 75.
Объектілерге қатысы жоқ жеке тұлғаларға 27242930 млн. теңгеге 540 айыппұл салынды:
Маска режимін сақтамағаны үшін — 251;
отбасылық,естелік іс-шараларды (банкеттер,үйлену тойлары, мерей тойлар, еске алу) өткізгені үшін – 79;
карантин режимін бұзғаны үшін, оның ішінде қызметіне тыйым салынған объектілерде болғаны үшін – 175;
БМСД қаулыларының талаптарын бұзушылықтар үшін — 35.
Облыс кәсіпкерлері мен тұрғындарын барлық карантиндік шектеулерді сақтауға шақырамыз!
Есіңізде болсын: материалдық шығындардан басқа, талаптарды сақтамау басқалардың, соның ішінде Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді!