Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 668 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 69, облыс «жасыл» аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 24 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 159 974 жағдай тіркелді.

Ағымдағы жылдың 24 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,3%-ды құрайды, яғни 728 351 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60,1%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 66,6% немесе 680 726 адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,2%-ы.

2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 279 124 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 58,7%-ы.

2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 24 тамыздағы мәліметтер бойынша 36 655 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың 74,3%.

Инфекциядан қорғанудың бірден бір жолы COVID–19 вирусына қарсы вакцинаның толық курсын алу және ревакцинация екенін естен шығармаңыздар!