Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай


2021 жылғы 25 тамыздағы жағдай бойынша Қарағанды облысында барлығы коронавирустық инфекцияның 82 747 жағдайы, өткен тәулікте 843 жаңа жағдайы тіркелді.
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 5807,3 құрады, оның ішінде симптомдары бар науқастар – 77,4%, симптомсыз вирус тасымалдаушылар – 22,6%.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысында вакцинаның үш түрі қолжетімді: «Спутник V», «QazVac», «Vero Cell». Бұл вакциналар клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің үш кезеңінен өтті.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес — «Қазақстанда қолданылатын КВИ-ға қарсы барлық вакциналар КВИ-дың ауыр жағдайларының алдын алуда бірдей, қауіпсіз және тиімді».
2021 жылғы 25 тамыздағы мәлімет бойынша Қарағанды облысында I компонентпен 6 448 802 адам, II компонентпен 5 123 033 адам вакцина салдырды.
Инфекциядан қорғанудың бірден бір жолы COVID–19 вирусына қарсы вакцинаның толық курсын алу екенін естен шығармаңыздар!