Қарағанды облысында COVID-19 ауруының таралуы күрт өсті

🦠Бір тәулік ішінде жұқтырғандар саны 75-тен 669 адамға көбейді.

⚠️Қазір облыс «қызыл» аймақта!

Жыл басынан бері Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші екі есеге артты. Нұр-Сұлтан қаласында тәулігіне 3 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр.

Соңғы деректерге сәйкес, «омикрон» штамы Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында анықталған.

Қарағанды облысында жаңа қауіпті штам анықталмағанымен аймақ ел астанасына жақын орналасқанын ескерген жөн.

Сондықтан, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті осы уақытқа дейін вакцина алмаған азаматтарды вакцинациялауға, ал иммундаудың толық курсын өткеніне 6 ай болған азаматтарды ревакцинацияға шақырады.

Коронавирустық инфекцияның алдын-алудың ең тиімді жолы- вакцинация. Ал ревакцинация иммунитетті арттырады. Вакцина алу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға жүгіне аласыз.

Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндірмеңіз!