Қарағанды облысында ауыл әкімдерін сайлау қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысында ауылдық елді мекендер әкімдерін сайлауға 257 кандидат қатысты. Осакаров ауданынан Аян Шәріпов 100% «оң» дауыс жинады. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында тікелей сайлау қорытындылары туралы айтып берді.

Ауыл әкімдерін сайлау 149 елді мекеннің 75 сайлау округінде өтті. 257 кандидаттың 79-ы саяси партиялармен ұсынылды: NurOtan – 61, «Ауыл» ХДПП – 3, «Ақ Жол» ҚДП – 3, «ADAL» СП – 3 және ҚХП – 9 кандидат. Қалған 178 кандидат өзін-өзі ұсынғандар.

– 75 сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 81 540 азамат кірді, олардың 61 846-сы дауыс беруге қатысты. Бұл 75,85%, – деп атап өтті Ерқара Аймағамбетов. – Сайланған 75 әкімнің 28-і мемлекеттік қызметші. Оның ішінде 17 адам сол ауылдық округте қайта сайланса, жеті адам басқа ауылдық округтердің әкімдері болды.

Бес сайланған әкімдер коммерциялық құрылымдардан, 17-і – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінен, біреуі уақытша жұмыс істемейді, үш әкім – әйел адамдар.

Сайланған әкімдердің 61-ін саяси партиялар ұсынды: Nur Otan – 56, «Ауыл» ҚХДП – 3, «Ақ Жол» ҚДП – 1, «ADAL» СП – 1. Тағы 14 – өзін-өзі ұсынушылар. – Осакаров ауданынан Аян Шәріпов 100% «оң»дауыс жинады. Ақтас және Дария кенттеріндегі сайланушылар арасындағы дауыстарда ең аз алшақтық болды, – деп қосты Еркара Аймағамбетов.

Дереккөз – Қарағанды облысының әкімдігі