Қарағанды облысы «қызыл» аймаққа енді!

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес облыс бүгіннен бастап «қызыл» аймаққа ауысты.

Өткен тәулікте облыста COVID-19 жұқтырудың 669 жаңа жағдайы тіркелді, облыс бойынша репродуктивті сан бірден асып, 2,856 құрады. Эпидемиологиялық ахуал нашарлауда.

Бұл ретте, шектеу шараларын қатаңдату «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өткен соң 5 күннен кейін жүргізіледі, осылайша «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өту осы мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылады.

Қарағанды облысының
санэпидбақылау департаментінің
баспасөз қызметі