Қарағанды облысы «сары» аймаққа енді
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес облыс бүгіннен бастап «сары» аймаққа ауысты.
Өткен тәулікте облыста COVID-19 жұқтырудың 124 жаңа жағдайы тіркелді, облыс бойынша репродуктивті сан 0,493 құрады.
Бұл ретте, шектеу шараларын жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткен соң 7 күннен кейін жүргізіледі, осылайша «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өту осы мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Қарағанды облысының
санэпидбақылау департаментінің
баспасөз қызметі