Қарағанды қаласының ЖОО мен колледждері студенттері мен оқытушылары арасында кездесу өтті
Ағымдағы жылдың 24 желтоқсан күні Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысының орынбасары Абжанов Бейбіт Елубаевичтың қатысуымен Қарағанды қаласының ЖОО мен колледждері студенттері мен оқытушылары арасында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу және Pfizer екпесін алу туралы кездесу өткізді.
Кездесу барысында Бейбіт Елубаевич неміс-американдық Pfizer екпесінің сапасы мен тиімділігі туралы айтылды. Сондай-ақ, демалыс және мереке күндері карантиндік және санитарлық шектеу шараларын сақтаудың маңыздылығын атап көрсетті.
Кездесуде екпе және Ashyq бағдарламасы туралы сұрақтар қойылды, барлық сұрақтарға қатысушылар толық жауап алды. Кездесуге 100-ден аса оқытушылар мен студенттер қатысты.