Қарағанды қаласының тұрғындары екпе алуға белсенді қатысуда.

Коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу үшін Қарағанды қаласының тұрғындары өз денсаулығына қорғау мақсатында,екпе алуға белсенді қатысуда.


Солардың бірі Орбита шағын аудан тұрғындары. Қазіргі уақытта «Карагандинец» ПИК басқармасы басшысының айтуы бойынша бұл ауданда 1000-ға жуық тұрғын тұрады, олардың 80% — ы екпе алған. Тұрғындардың айтуынша, олар өздерінің және жақындарының денсаулығы үшін алаңдауда. Тұрғылықты өмір салтын ұстану және індетті жұқтыру қаупін болдырмау үшін тұрғындар екпе алуды жөн көреді.
Айта кету керек, «Карагандинец» ПИК басшысының бастамасы бойынша тұрғындармен екпе қажеттілігін түсіндіру бойынша жиындар өткізіліп, ақпараттық материалдар табыс етілді.